Имамдар семинары қоғам мәселесін көтерді.

Имамдар семинары қоғам мәселесін көтерді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Һибатулла Тарази» мешітінде қала және аудан имамдарының семинары өтті. Семинарға ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі, ОҚО-ның найб имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы келді. Тараз шаһарына ат басын тіреген мейман облыстық семинарда сәләфизм ағымы және оған жауап жайлы дәріс жүргізді. Аталмыш жиынға қала, аудан имамдары мен медресе жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсының ұстаздары қатысты. Семинар соңында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев дін өкілдеріне сертификаттар табыстады. 

         Қазіргі таңда қазақстандық қоғамды алаңдатып отырған негізгі проблемалардың бірі - сәләфизм идеологиясының халық ішінде, атап айтқанда жастардың арасында белең алуы. Бұл ілім Х‑ХІ ғасырларда Андалусия (Испания) жерінде басталып, ары қарай ХVIII ғасырда Нәжд өлкесі қазіргі Сауд Аравияның солтүстігінде жалғасын тапты. Бастапқы кезден бұл идеологияның өкілдері өзге пікірге төзбеу, өзгелерге агрессиялық көзқараспен қарау, алдына қойған мақсаттарына қарумен болса қол жеткізу секілді сипаттармен танылды. Ал бүгінде өз етегін кең жайған ағымнан қалай арылуға болады?

         Осы тақырып аясында сұрақ-жауаптар орын алып, қоғамда бұл бағытта жүрген адамдарға ұтымды түсіндіру әдістері сөз болды. Семинардан соң Еркебұлан Қарақұлов дәл осы тақырып негізінде жұма уағызын жүргізді. Дәлелді, нақты мұндай насихаттан соң мазһаб ұстанбайтындар дәстүрімізден келе жатқан ата жолымызды ұстанады деген сенім зор.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.  

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: