Тәрбие көзі - діннің нақ өзі.

Тәрбие көзі - діннің нақ өзі.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Өскелең  ұрпақтың  діни сауаттылығын арттыру күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Осы мақсатта №2 Ломоносов атындағы орта мектепте имани кездесу болып өтті.  Кездесу «Ислам: сұрақтар мен жауаптар» тақырыбында болды. Оқушылармен кездесуге аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Д.Жандосұлы қатысты. Найб имам қазіргі таңда өзекті болып отырған суицид – адамның өз-өзіне қол жұмсауы, ұрлық, кісі ақысын жеу, әлімжеттік екі дүниеде де бақытқа жеткізбейтініне баса назар аударды. Сондықтан Алла тағаланы танып, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы бізге жеткен Құран кәрім кітабы мен ислам дінін дәріптеп, ата-бабамыз ұстанған Әбу Ханифа мәзһабынмен амал қылу қажеттігін алға тартты. Өйткені, қоғамда ислам атын жамылған жат ағымдардың алдауына еріп, тура жолдан тайқыған мұсылман бауырлармыз бар екенін айтты.

 Жиһад деген тек соғыс емес, адам бойындағы нәпсімен күресу, білім алуға талпыну екенін мәлімдеді. «Білім алу, ілімді артыру ислам дінінде ең ізгі амалдардың қатарына жататындығын тілге тиек етіп, ата-ананы құрметтеу, ұстаздарды сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, туған-туыс, жақындарға жәрдемші болу секілді ізгі амалдар жасауға асығыңыздар,» - деді найб  имам Дәуренбек Жандосұлы.  Оқушылар көкейде жүрген сауалдарын дін өкіліне қойып, толыққанды жауаптар алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: