Амал-істердің еселеніп жазылатын қасиетті жұма күні жұма намазына жиналған жамағат ауыр хәлдегі адамдар үшін қан тапсырды. Орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне бір автобус болып келген дәрігерлер тобы игі іс жасауға асыққан көпшіліктің денсаулығын тексеріп, қан алды. Жұмаға жиналған халық қан тапсыру бөлмесіне де лық толды.
Бір ерекшелігі – қан тапсыруға әйелдер жамағаты да белсене қатысты.
Хадис шәріптің бірінде: «Жасаған қайыр садақаңыз пәле-жаланы алыстатады және ғұмырды ұзартады», - делінген. Сондай-ақ, Ади ибн Хатим (р.а) риуаят еткен хадисте пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с): «Жарты құрмамен болса да тозақтан қорғаныңдар», - деген. Әрбір қайырлы амал – садақа.
Мұқтаждарға донорлық еткендердің ішінде имамдар мен медресе шәкірттері де болды. Қан тапсырып болған тұрғындарға тәттілер мен шәй берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.