Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария

Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қариясы бар елдің дариясы бар» демекші, қарттардың ақыл-парасаттылығына кейінгі ұрпақ – біз әрдайым мұқтажбыз. Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария іспетті. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қариялардың да білетіні соңдай терең. Соғыс жылдарында ата-бабаларымыз сонау ел-басына қиын-қыстау күн туып, «ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» аласапыран заманда халқының тыныш өмір сүруі үшін қасық қаны қалғанша ел қорғаған. Алапыт соғыстан аман оралып, халқының тілеуін тілеп жүрген ардагерлер күн санап азаюда.  

         Осыған орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев пен «Һибатулла Тарази» мешітінің қызметкерлері соғыс ардагерлері 95 жастағы ақын Мусахан Бердибаев пен 90 жастағы жазушы Муталип Ережепбаймен кездесіп қайтты.

Қариялармен сұқпаттасып, өткені мен бүгіні жайлы әңгімелесті. Сонымен қатар мешіт аттынан сыйлықтар табыстады.

«Анам соғысқа кетерімде насыбай атпа, темекі шекпе, арақ ішпе деді. Егер шоқшаның еті бар тағам қойса, ары сырып қой, сонда аман келесің деген болатын. Міне, сол заматтан бері осы қағиданы ұстанып келеміз,» - дейді тоқсанды алқымдаған ардагер-жазушы Муталип Ережепбай.

Ақсақалдар сұрапыл соғыс кезеңін еске алып, Алладан бейбітшілік тілеп, жүздесуге барған азаматтарға баталарын берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: