Отанды қорғау – жастардың басты міндеті!

Отанды қорғау – жастардың басты міндеті!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Күні кеше Б. Момышұлы ауылы,  Г. Орджоникидзе мектеп гимназиясында Жастар ресурстық орталығы мекемесінің ұйымдастыруымен  «Отан қорғау – болашақ жастардың басты міндеті!» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

         Шараның мақсаты – жастарды патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге, жастардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге шақыру және ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді дәріптеу. Аталған шараға Жастар ресурстық орталығы мекемесі директорының орынбасары Ж.Мырзалиев, аудан имамы, қажы А.Кенжемолдаев, Б.Момышұлы ауылы ардагерлер Кеңесінің төрағасы К.Дәуренов, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің жастар ісі нұсқаушысы Б. Асибекова, Е. Нұрабаев және мектеп оқушылары қатысты.

         Шараны «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі директорының орынбасары Ж. Мырзалиев ашып, жүргізіп отырды. Ж. Мырзалиев шараның мақсатымен таныстырып, қатысушы жастарға ауданымыздағы қан майданда ерлікпен күрескен, еңбегімен елімізге бейбіт өмір сыйлаған майдангер аталарымыз туралы ақпарат берді. Келесі сөз кезегі аудан имамы, қажы А. Кенжемолдаевқа және Б. Момышұлы ауылы ардагерлер Кеңесінің төрағасы К. Дәуреновке берілді. Өз сөздерінде «Отанды сүю – иманнан» дей келе жастарға кең көлемде діни түсінік бере келе, салт – дәстүр мен дінге берік елдің болашағы зор екендігін айтып, өзге жат ағымдардан аулақ болуға шақырды. Шара соңында жиынға жиналған жастар түрлы сауалдар қойып,Ж. Мырзалиев жастарға жүрегінде иманы бар адам отанын сүйеді, оны қорғайды, егеменді еліміздің әрқашан да еңсесі биік, өзге мемлекеттермен терезесі тең болсын десек, білімді және отаншыл болайық деп аяқтады.

Н. Сейдалиев

«Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: