Отан – отбасынан басталады

Отан – отбасынан басталады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деге аталы сөз бар. Отанды сүюге, туған елге деген құрмет сезімі отбасынан бастау алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Барлығың жауаптысыңдар. Басшы еліне, отағасы отбасына, малшы малына жауапты. Әркім өз қарамағындағылардан сұраққа тартылады», — деген. Олай болса, балаға жастайынан жақсы тәрбие беруге, туған елді құрметтеуді, жанын қорғағандай дінін, отанын қорғауды, кісінің, мемлекеттің ақысын жемеуді үйретуге отағасы жауапты. Өзіңізден бастап, ұрпағыңыз Алладан қорқып, мемлекет мүлкін жемей, оны қорғауға, одан әрі дамытуға күш салатын болса, елінің тыныштығын күзетуді илаһи борышым деп білсе, еліміздің болашағы жарқын деуге болады.

Осы Отан деген қымбат ұғымды түсіндіру мақсатында күні кеше Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көлбастау ауылындағы «Көлбастау» мешітінде қайырымдылық іс шарасы атқарылды. Отанымызды кешегі сұрапыл соғыс жылдары бағамына жетіп қорғай алған әрі жанын беріп шейіт кеткен ата-бабаларымзға Құран оқылып,ас берілді.Аудандық мешіттерде үздік оқыған шәкірттер ортасында кішігірім Құран жарысы ұйымдастырылды. Сыйлықтар беріліп, уағыздар айтылды. Шейіт кеткен ата-бабаларымызды тарихынан, осы ауылдың тумасы әйгілі халық батыры Бауыржан Момышұлы атамыздың естеліктері,кітаптарынан үзінділер оқылып, отансүйгіштік имандылық дәріптелді.

Жалпы іс шараға демеушілердің көмегімен 100000 теңге мөлшерінде қаражат жұмсалды

Жамбыл облысы

Жуалы ауданы

Көлбастау ауылы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: