«Мейірімді дастархан» науқаны өз жалғасын табуда

«Мейірімді дастархан» науқаны өз жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұқтаждарға көмек – қоғамды игілікке бастайтын амал. Жәбир ибн Абдуллаһ жеткізген және бір хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!): «Әрбір игі іс–садақа», – дейді.

«Хазрет Әли» мешіті мен «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мейірімді дастархан» науқаны өтті.

Мешітте ақ дастархан жайылып, имамдар мен қор мүшелері іс-шараға келген отбасылармен бір шаңырақ астында астан дәм татты.

«Хазрет Әли» мешітінің бас имамы Бекболат Мыңбаев шүкірлік пен Алла нәсіп еткен ризық жайында сүбелі уағыз айтып, бата берді. Сонымен қатар 10 отбасыға азық-түлік таратылды. Аталмыш қажеттіліктерді «Хазрет Әли» мешітінің найб имамы Рысбай Еспенбетов, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының төрағасы Абылайхан Кәріпбаев пен төрайымы Жанат Көшербаева жанұяларға табыстап, жылы лебіздерін білдірді.

Қайырымдылық шарасының қонағы болған мұқтаж отбасылар шынайы алғыстарын айтып, тілектерін жолдады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: