Қайырымдылық – жүректің нұры, көңілдің қуанышы. Қоғамды жақсылық пен мейірімділікке ұйытатын амал да осы – мұқтажға көмек. Имам Тирмизи риуаят еткен және бір хадисте Алла Елшісі (Оған Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!): «Шынында, садақа Алла азабының жалынын өшіріп, жаман өлімнен сақтайды» – дейді.
Шу қаласы «Айтқұл баба» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаевтың ұйытқы болуымен қайырымдылық жасалды. Көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен 3 отбасыға 10 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Мұқтаж жанұялар Аллаға шүкірін айтып, мешіт өкілдеріне ризашылықтарын білдірді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.