Отанды сүю – иманнан

Отанды сүю – иманнан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Күні кеше  Жастар ресурстық орталығы мекемесінің ұйымдастыруымен аталмыш  тақырыпта Б.Момышұлы ауылы  А.Герцен орта мектебінің мәжіліс залында дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға Жастар ресурстық орталығы КММ директорының орынбасары Ж.Мырзалиев, ауданның бас имамы А.Р.Кенжемолдаев, ауған соғысының ардагер кеңесінің төрағасы М.Абдибеков және орынбасары  Ғ.Қылышбаев , БАҚ өкілдері, А.Герцен мектебінің жас мамандары мен мектеп оқушылары қатысты.

Жастар ресурстық орталығы мекемесі директорының орынбасары Ж.Мырзалиев шараның мақсатымен таныстырып, жүргізіп отырды. Ж.Мырзалиев күн тәртібіндегі тақырып аясында қысқаша мәлімдеме жасап, қатысушы жастарға ауданымыздың батырлары турасында толық ақпарат беріп, жеке-жеке тоқтала өтті.

Ауған соғысының ардагер кеңесінің төрағасы М.Абдибеков өз сөзінде ауған соғысы ардагерлері турасында, ардагерлердің жасаған ерліктері туралы айтып, жастарға патриот болуға шақырды. Ал ауған соғысының ардагер кеңесінің төрағасының орынбасары Ғ.Қылышбаев шығып, кең байтақ қазақ еліне тыныштық тілей келе, жастарға ақыл кеңесін беріп өтті.

Ауданы имамы А.Кенжемолдаев жастарға кең көлемде діни түсінік бере келе, салт-дәстүр мен дінге берік елдің болашағы зор екендігін білімді елді жау алмасын жеткізді. Сондай-ақ, жастарды өзге жат ағымдардан аулақ болуды бейтаныс нәрселерге көп әуестенбеу қажеттілігін жеткізді.

Кездесуді Ж.Мырзалиев қорытындылай келе, жастарды білімді болуға шақыра, кең-байтақ тәуелсіз қазақ елі жастарының мойнында білім алу міндеті тұрғанын айтып, қатысушы қонақтарға және шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болған мектеп әкімшлігіне алғысын айтты.

Жамбыл облысы

Жуалы ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: