Шу аудандық «Төле би» орталық мешітінде жаңа тағайындалған аудан бас имамы Аят Алмаханов ауыл молдаларымен бас қосып жиналыс өкізді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – ауыл молдаларының атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, ҚМДБ-ның имам-молдаларының алдына қойылған жоспар жұмыстарын пысықтау болды.
Бас имам А.Алмаханов ауыл молдаларының КМДБ-ның бекітіп берген төрт бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып, әрі қарай жұмыстарын белсенді атқаруларын тапсырды.
Сонымен қатар жиын барысында ауыл молдаларына өз жұмыстарын адал атқарып, мешіт тазалығына, қеліп түскен құжаттарға, ауыл тұрғындарының сұраныстарымен ұсыныстарына, сол сияқты басқа да жұмыстарға аса көңіл бөлулерін айтты.
Жиын соңында ауыл молдалары көкейінде жүрген өзекті мәселерді қозғап ұсыныстарын айтты.
Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі