Шу аудандық мәдениет үйінде аудандық «Төле би» мешітінің найб имамы Т.Сейткереев экстремизнің зияны мен зардаптары жайлы және оған жол бермеудің жолдары мен қағидаларын тұрғысында уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз-насихатқа аудандық білім бөлімі мамандары және Шу ауданына қарасты ауыл мектептерінің мектеп мұғалімдері қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – еліміздегі болып жатқан діни ахуал, дін атын жамылған ағымдардың ел бірлігіне төндіріп отырған қауіпті әрекеттері және жастарымыздың жат пейілді діни ағымдардың жетегінде кетіп қалмау үшін діни сауаттылық керектігі.
Жиынға қатысқан мұғалімдер осындай кең ауқымды отырыстарды жиі өткізуіне және дін қызметкерлерінің алдағы уақытта ауылды жерлерде оқушылар арасында уағыз-насихат жүргізуге сұраныс білдірді.
Жиын соңында қатысқандар сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Шу Төлеби мешітінің баспасөз қызметі