Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат!

Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ата-бабаларымыз сұрапыл соғыс жылдарында жандарын пида етіп, болашақ ұрпақтарына осынау бейбіт күндерді сыйлады. Ұрпақтары оларға әрдайым қарыздар.

Сұрапыл соғысқа бастан аяқ қатысып, соғыстан аман-есен оралып, еліне еңбек етіп, еңбек ері аталған мешітіміздің жамағаты Акбар Нұралиев ақсақал 90 жасты алқымдап, әлі де болса өзін тың сезінеді.

Ауданымыздың бас имамы Батырбек қажы Жақсымбетұлы Акбар ақсақалдың отбасына барып көңіл-күйін аулап, жеңіс күнімен құттықтады. Біраз әңгімеге тартып, ақсақал ақтай жарылып, соғыс жылдарындағы оқиғаларды әңгімелеп берді.

Құттықтау кезінде қарияға сыйлықтар беріліп, иығына шапан жапты. Сондай-ақ, алапыт соғыста қайтыс болған ата-бабаларға арнап Құран оқылды.

Кездесу соңында Акбар қария елімізге, жерімізге амандық, бейбіт заманда ата-баба ұрпақтары өмір сүріп, бақытты болсын деп ақ батасын берді.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: