Бағытты айқындап алу, алға қойылған мақсаттарды тиімді жүзеге асыру мақсатында Қордай ауданындағы мешіт қызметкерлері ай сайын жиын өткізеді. Әдеттегідей бұл жолы да аудан бойынша имам-молдалар аудандық «Қордай» мешітінде бас қосты.
Жиналыста жетекшілік еткен бас имам Ж.Шалбаев көтерген мәселелердің ең әуелгісі –мешіт құжаттарын заңдастыру болса, екінші маңызды мәселе – барша мұсылман жұртшылығы күтіп отырған қасиетті Рамазан айына дайындық. ҚМДБ діни оқу орындарына шәкірттер жіберу мәселесі де кезекке қойылып, әрбір имамға жеке-жеке тапсырмалар берілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі