ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша Қордай ауданында мамыр айындағы мемлекеттік мерекелерге байланысты «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында іс-шаралар атқарылуда. Іс-шараның бірегейі мектеп оқушыларымен кездесу.
Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Дәуренбек Жандосұлы №6 және № 47 орта мектеп оқушыларымен имани жүздесу өткізді. Жиында көтерілген тақырып негізінде ата-бабаларымыздың өз елі үшін атқарған қажырлы еңбегі сөз болып, Ислам ғұламаларының сөздерімен өрнектелді. Дәуренбек Жандосұлы көтерген тағы бір мәселе мұсылман адамның отбасылық құндылықтары турасында болды. Осыған орай, жиында қазіргі жастар арасындағы кең тараған шылым шегу, насыбай ату, бірін-бірі бопсалау, ар тазалығы, суицид мәселесі сыңды көптеген мәселелер талқыланды. Оқушылар тарапынан болған сұрақтарға жауап беріліп, қатысушылар ризалықтарын білдірді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі