Тәрбие тал бесіктен басталады, жер бесіктен аяқталады. «Баланы жастан» деп жатады дана халқымыз. Бала тәрбиесі – өте маңызды шаруа. Өйткені, перзент біздің ертеңгі болашағымыз. Әрине, ең бастысы – Алла Тағала алдындағы міндеттерімізді орындау. Ол қандай міндет? Ол міндет – балаға жастайынан бастап Ислами тәрбие беру. Еліміздің ертеңі сауатты да адамгершілігі мол болуы үшін діни тәрбие мен білімнің маңызы ерекше.
Шу қалалық «Айтқұл баба» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев әр намаздан кейін балалардың білімі мен тәрбиесін дамытуда дәрістер жүргізіп, тәлімі мол сабақтар өткізуде.
Бес уақыт намаздан соң шәкірттерге діни сауат ашу курстарымен қатар мінез-құлық, тәрбие жайлы сүбелі уағыздар жүргізілуде.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі