Белгілі дінтанушы Қордай жерінде

Белгілі дінтанушы Қордай жерінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізге өзінің өткір уағыздарымен белгілі Смановтар әулетінен болған Абдуғаппар ағамыз Қордай жеріне арнайы шақыртыуымен ат басын тіреді. Сарыағаш медресесінің ұстазы, белгілі дінтанушы Абдуғаппар Сманов шам намазынан кейін аудандық «Қордай» мешітінде  ауыл-аймақтардан жиналған жамағатқа насихат айтты. Абдуғаппар ұстаз жиналған көпшілікке Алла елшісіне сүйіспеншілік жайлы сүбелі уағыз айтып, жамағаттың көзіне жас үйірді. Мешіттегі жөндеу жұмыстарына қарамастан жиналған халықтың қарасы  көп болды.

Қасиетті жұма күні де Абдуғаппар Сманов  «Қордай» мешітінде жұма  уағызын өткізіп,  халықтың ықыласына бөленді. Абдуғаппар ұстаз  елдеге тыныштық, бейбітшілік пен тұрақтылық, басшыға бағыну  және өткенге құрмет турасында  кең көлемде насихатын жолдады. Осындай елімізге белгілі дінтанушылармен кездесулердің жамағат бірлігіне, білімнің көтеріліуіне көп септігін тигезері сөзсіз.

"Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: