Отан отбасынан басталады

Отан отбасынан басталады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ата-бабаларымыздың ерлігі ұлықталып, Алла сыйлағын жеңіс күні де келіп жетті. Айтулы күнде аудандық «Қордай» мешіті қызметкерлері де сауапты істерді атқаруға тырысты. Ауданның бас имамы Ж.Шалбаевтың  ұйытқы болуымен  Салыбаевтар әулетінің демеушілігімен  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша «Отан отбасынан басталады» атты қайырымдылық науқаны өтті.

Іс-шара барысында кең көлемді дастархан жайылып, соғыс ардагерлері, тыл қызметкерлері, ауыл ақсақалдары шақырылды. Отырыс Ж.Шалбаевтың Құран оқуымен басталып, қан майданда жан тапсырған және елге оралып елеулі еңбек еткен, соғысқа қатысқан ата-бабаларымызға Алладан рахым тілеп, дұға жасалынды. Мерекелік іс-шарада ардагерлерге алғыс айтылып, көптеген салиқалы әңгімелер өрбіді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: