Аудан әкімдігінде діни кеңес өтті

Аудан әкімдігінде діни кеңес өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Батырбек Құлекеевтің төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы болып өтті. Аталмыш шараға аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары, имамдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Бейбіт Налеков баяндама жасады. Ол террористік тұрғыдан осал нысандардың қорғалу деңгейі мен оны арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы баяндай келіп, сақтық шарасын күшейту мақсатында барлық мемлекеттік мекеменің кіре берісіне бейнебақылау  орнатылуы керек деп ойын түйіндеді.  Одан кейін аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Нарымбеков терроризмге қарсы комиссияның және ақпараттық-насихат тобының жүргізген жұмыстары  туралы есеп берді.  Ол бейнекамераларды мешіттерге де орнату керектігі туралы ұсыныс жасады.

Жиын қорытындысында аудан әкімі Батырбек Құлекеев ауданның қауіпсіздігі үшін осы бағытқа аса көңіл бөліп, сақтық шараларын бүгіннен бастап күшейтіп, барлық мемлекеттік мекемелердің кіре берістеріне бейнекамералар орнатуды тапсырды.

 Жуалы ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: