Шу ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларымен жастар арасындағы экстремизм мен діни ағымдардың қоғамдағы зардабы жайлы алқалы жиын өтті.
Төле би ауылдық округі әкімінің орынбасары Батырғали Асатов сөз сөйлеп, кейінгі сөзді аудандық Төле би мешітің бас имамы Қ.Берікұлына берді. Бас имам: «Ислам – адамзат баласын бірлікке, бейбітшілікке, татулыққа шақыратын дін. Себебі, бірлік бар жерде – береке, бейбітшілік бар жерде – тыныштық бар,» – деді өз сөзінде.
Экстремизмге жол бермеудің, оған кіріп кетпеудің жолдарын түсіндіріп айтты. Артынан оқушылар әртүрлі сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі