Шу ауданына жаңа имам тағайындалды.

Шу ауданына жаңа имам тағайындалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкілі, «һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Д.Жұмабаев Шу ауданында іс-сапармен болды.

Іс-сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Шу аудандық Төле би орталық мешітіне жаңадан тағайындалған имам Аят Алмахановты халыққа таныстыру.

 Өкіл имам Д.Ә.Жұмабаев жиналған халыққа жаңа тағайындалған имамның білімі мен біліктілігі және тәжірбиесінің мол екендігін айтты.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Барлығың жауаптысыңдар. Басшы – еліне, отағасы – отбасына, малшы малына жауапты. Әркім өз қарамағындағылардан сұраққа тартылады» дегенін ескере отырып, жаңа тағайындалған имам Аят Алмахановқа және Алматы қаласына найб имам болып ауысып бара жатқан осы Төле би мешітінің бұрынғы имамы Қуандық Мусаевқа асыл дініміз бен Отан алдындағы  абыройлы міндеттерін  жемісті өтеп, туған елі мен жерінің гүлденіп, көркеюіне ат салысып, жұмыс істеу керектігін айтып жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар аудан әкімнің орынбасары Е.Бегалиев жаңа тағайындалған имам Аят Дыбысұлы Алмахановқа аудан әкімі Р.Р. Дәулеттің ыстық ықыласпен айтқан үлкен сәлемі мен құттықтаған лебізін жеткізді.

Сөз соңында өкіл имам Данияр Жұмабаев жергілікті жамағат атынан және  «һибатулла Тарази» мешітінің атынан алғысын білідіріп, қазақи дәстүрімізге сай Қуандық Мусаевтың иығына шапан жауып, жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: