Қытайдың Сиань қаласының бас имамы Ма И Пинг Жамбыл облысындағы іс-сапарын жалғастыруда. Бүгінде Ма И Пинг Қордай ауданына ат басын тіреді. Аудандық «Қордай» мешітінде құрметті қонақты ауданның бас имамы Ж.Шалбаев, найб имам Д.Жандосұлы және ауыл ақсақалдары күтіп алды.
Мәртебелі қонақты мешіттің жөндеу жұмыстарымен таныстырған бас имам Ж.Шалбаев аудандық мешіттің тыныс-тіршілігі жайлы да мол ақпарат берді. Ма И Пинг мешіт кеңсесінде каллиграфия өнерін көрсетіп, өз қолымен жазған туындыларын ақсақалдарға естелік ретінде таратты.
Өз кезегінде бас имам Ж.Шалбаев мәртебелі мейманға қазақи тақия мен сәлде сыйға тартып, қазақи қонақ жайлылық танытты. Ма И Пинг мырза Қордай ауданындағы іс-сапарын Сортөбе ауылында жалғастырды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі