Діни білім – тәрбие бастауы

Діни білім – тәрбие бастауы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күні кеше «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ақтөбе ауылы Ақтөбе орта мектебінде «Діни білім – тәрбие бастауы» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Шараны «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің жастар ісі нұсқаушысы Ерболат Нұрабаев жүргізіп отырды.

Жиынға «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастар ісі нұсқаушысы Е.Нұрабаев және Ә.Даулетбаев, орталық мешіттің найб имамы Рамазан Әбделиев, Ақсауыт шекара заставасының басшысы капитан А.Набиев, 2035 ә/б офицері майор Л.Амирханов, Қызыларық ауылдық округінің имамы Әбілдаев Жайдар, Ақтөбе ауылының ақсақалдары: Мұхаммедәлі Есімбетов, Атанияз Кәрібаев, Сүлеймен Қазыбеков, Ақтөбе орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары барлығы – 60 адам қатысты

Шараның негізгі мақсаты – жастарға діни тәрбие берумен қатар, тазалыққа, адалдыққа, имандылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілік пен кішіпейілділікке, діни ахуал туралы мағлұмат беру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға шақыру болып табылады.

Кездесудегі алғашқы сөз кезегі аудандық орталық мешіттің найб имамы Рамазан Әбделиевке берілді. Ол өз сөзінде ислам діні – әлемдік діндер ішіндегі ең кең тараған қасиетті дін екендігін және ислам діні тән тазалығымен қатар ішкі жан дүниесінде таза ұстауға көмектесетіндігін айтып, әрбір мұсылман санайтын адам баласының бес парызына тоқталып, жастарға имандылық туралы түсінік беріп, қазіргі таңда қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары, жастарға дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыруға, діни наным – сенім мен олардың зиянына тоқталып, жастарды адамгершілікке тәрбиелеуге шақырды.

Жалпы дін – әлемдік өркениеттегібарлық қоғамдық құбылыстарға тән тарихи, саяси – әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық – әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық тұрғыдан бөліп қарастырады.

Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер демекші, кездесу соңында мектеп оқушыларына Мұхаммедәлі Есімбетов ата өз батасын берді.

Н.Сейдалиев

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: