Ноғайбайда білім ордасында имами жүздесу өтті.

Ноғайбайда білім ордасында имами жүздесу өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның тарапынан берілген тапсырмаларды тиянақты атқару мақсатында жасалған  Қордай ауданы дін қызметкерлерінің  жылдық  жоспарына сәйкес, найб имам Дәуренбек Жандосұлы Ноғайбай ауылына іс-сапармен болды.

Келелі сапар барысында Дәуренбек Жандосұлы қос білім ордасында болып қайтты. «Ислам: сұрақтар мен жауаптар» тақырыбында Қордай ауыл-шаруашылығы колледжі студенттерімен кездесу өткізді. Алдымен сөз алған ауданның найб имамы қоғамдағы діннің маңызы мен орны, елімізде заманауи біліммен қатар, діни білім де бірге дамуы керектігі, қазіргі таңдағы егемен еліміздің тыныштығы мен берекесін бағалау, сансыз нығметтерге шүкіршілік ету жайында  әңгіме қозғады. Жиында Д.Жандосұлы жастардың діни, конфессияаралық қақтығыстардың тарихы және олардың салдарынан хабардар болып, осыдан сақ болу үшін  өздері сауатты болуы керектігін атап көрсетті.

Оның айтуынша, қазіргі кезде дәстүрлі діндердің атын жамылып, ел арасына іріткі салып жүрген теріс діни ағымдар Қазақстан қоғамына қауіп төндіруде. Жастардың осы жолға бой алдыруының негізгі себебі – діни сауатсыздық, ақпараттың жетіспеушілігі және көп нәрсеге немқұрайлы қарауы. Олар дін жолына түстім деп ата-анасынан, достарынан, жалпы қоғамнан алшақтап, өз дегенін ғана ақиқат санап, айналасындағыларға, тіпті мешіт имамдарына күдік келтіреді. Мұндай жағдайға тап болмас үшін қоғамға діни сауаттылық қажет дей келе білім алуға шақырды. Студенттер мен ұстаздар сұрақтарына толыққанды жауап берген имам білім ордасына сәттілік тіледі.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: