ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен қыздар арсында І Республикалық Құран сайысы өткелі отыр. Осыған орай, Жамбылдық жамағат Алматы қаласында өтетін Құран сайысына қатысатын қыздарды шығарып салды. Облыс бойынша сайысқа 10 шақты адам қатыспақшы. Оның ішінде мектеп оқушылары, жастар сондай-ақ, 40-тан асқан әпкелер де бар.
"Һибатулла Тарази" мешіті қыздар сауат ашу курсының ұстазы Зейнеп Үсенова бастап оңтүстік астанасына аттанған қыздарға мешіт, медресе бүкіл Тараз жұртшылығы сәттілік тілеп, үлкен үміт артып отыр.
Тұңғыш Құран сайысына қатысушыларға Алланың әміріне амал еткен, еліміздің иманды болашағының тұтқалары болсын, деп дұға етеміз.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі