Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тараз қалалық белгілі тұрағы жоқ тұлғалардың әлеуметтік бейімдеу орталығында коммуналдық мемлекеттік мекемесінде үй-жайынан, туған-туыстарынан айырылған, қала көшелерінде қаңғыбастық күй кешкен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Мекеменің арнайы шақыртуымен ай сайынғы жоспарға сай «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек аталмыш орталық тұрғындарын салауатты өмір салтына бейімдеу мақсатында тұрғындармен кездесіп, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Бұл аптада орын алған кездесуде қажетті киім-кешек таратылып, жиналған көпшілікке иман, тура жол, адал еңбек, салауатты өмір салты турасында сүбелі уағыз жүргізілді.
Ай сайын ислам туралы, иман туралы хабардар болып жүрген тұрғындардың көкейінде біраз сауалдар туыпты. Осы сұрақтарына үйсіз адамдарға арналған мекеменің тұрғындары мардымды жауапттарын алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.