Дін – насихат

Дін – насихат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің мешіт имамдарының алдына қойған міндеттерінің бірі – халықтың діни сауаттылығын арттыру. Осы бағытта еліміздің түкпір-түкпірлеріндегі мешіттерде халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында біршама игі істер атқарылып жатқаны белгілі.

Соның бірі Шу қаласындағы «Жәми» мешітінің Бас имамы Қуат Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен аталған мешітте аптасына үш күн сауат ашу курсы жамағаттарға үздіксіз қызмет атқаруда.

Оған қоса, «Жәми» мешітінде түскі бесін намазының алдында және кешкі құптан намазынан бұрын жиналған жамағатқа әр түрлі тақырыптарда уағыз насихат жүргізілуде. Уағыз-насихат барысында Бас имам  негізінен діни ағымдарға аса  мән беріп тоқталып, ең бастысы ынтымақ бар жерде бірлік болатыны турасында айтып, жамағатты ауызбіршілікпен ұйыстыруда.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: