Миғраж - ұлы мұғжиза

Миғраж - ұлы мұғжиза

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Ережеп айының жиырма жетінші түніне сәйкес келетін миғраж түніне орай, Т.Рысқұлов аудандық  «Сұлтан» мешіті сауабы мол қасиетті айда ораза ұстаған мүмін жандарға арнап дастархан жайды. 50-ден аса адам жиылып, қадірлі кеште ғибратты уағыз, салиқалы әңгіме айтылды.

Ақшам намазынан соң, ұйымшылдықпен  ақ дастарханда бас қосқан жұртшылыққа  «Cұлтан» мешітінің Бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жақыпбекұлы Ережеп айындағы қасиетті Миғраж түнінің мән-мағынасы туралы айтып өтті. «Әлем мұсылмандары үшін мүбәрак болған миғраж кешінде жүздесіп, мағыналы мәжілісте жиылып отыруымыздың өзі Алланың берген нығметі. Қасиетті үш айдың алғашқысы – Ережеп айында исра мен миғраж оқиғалары болғанын иісі мұсылман баласы біледі. Қасиетті уақыттарда ұстаған оразаларыңызды, ғибадат-құлшылықтарыңызды Алла тағала қабыл еткей», – деп Сұлтаншәріп қажы Жақыпбекұлы жамағатқа қайырлы кештің қадір-қасиетін еске салды. Бұл кеште бас имам мен мешіт жамағаттары бір дастархан басынан дәм татып, Ислам құндылықтары жайында әңгіме өрбітті.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

Құлан ауылы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: