Шу қалалық «Айтқұл баба» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаевтың қатысуымен Тұрар Рысқұлов мектебінде «Мүшел жас» тақырыбында іс-шара өтті.
Жиында имам: мүшел жас– қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дегенмен бұны ырыммен байланыстырып, мүшел жасты қауіпті кезең деп санап, аман-есен өтуі үшін құран бағыштап, өзінің қатты жақсы көретін киім-кешектерін жақын-жуықтарына тарату сияқты ырым жоралғылардың дінімізде негізі жоқ», – деп түсініктеме беріп өтті.
Оқушылар көкейлеріндегі түрлі сауалдарын қойып, мардымды жауаптарын алды.
«Һибатулла тарази» мешітінің баспасөз қызметі