Өткенге құрмет – елге құрмет

Өткенге құрмет – елге құрмет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Мүфтияттың тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық өкіл имамы Данияр Жұмабаевтың басшылығымен Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Аят Алмахановтың ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы барлық мешіттерде жұма намазынан кейін дүниеден өткен мүмин-мұсылмандарға арналып, Құран оқылып бағышталынды. Аталмыш шара әр жыл сайын өткізіліп отырады.

Сенбі күні Тектұрмас мазарында Тараз қалалық мешіт имамдарымен жамағат жиналып, қабірстанды қоқыстардан тазарту жұмыстарын жургізді. Облыстық «Хибатулла Тарази»  мешітінің найб имамы Ғалымбек Жәпек қабір зираты туралы уағыз-насихат айтты. Қабірстанда жатқан және дүниеден өткен мүмин мұсылмандарға арналып Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің найб имамы Ораз Баймаханов Құран оқып бағыштады.

Қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: