Қабір тазалығына аудан боп жұмылды

Қабір тазалығына аудан боп жұмылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ежелден келе жатқан дәстүрге сай үлкенді сыйлап, кішіге ізет, өткенге құрмет көрсетіп келген халықпыз.  Міне, осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына сай, жыл сайынғы  үрдіс бойынша сәуір айының  ыңғайлы күндері пәни дүниеден бақи дүниеге өткен мұсылмандарды  еске  алып, мазараттарды тазалау күні екені бәрімізге мәлім.

Осыған орай, барша халық бір кісідей аудан имамы Қ.Мусаевтың бастамасымен зират басын тазалап, ағаштар отырғызылып, сенбілік өткізілді. Бұған мешіт жамағаты, ауыл адамдары ақсақалдардан бастап, мектеп оқушылары белсене атсалысты. Қабір басын тазалаған соң аудан имамы зират басында жатқан марқұмдарға Құран оқып, дұға жасады.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: