Сауатты жамағат – салауатты қоғам болашағы

Сауатты жамағат – салауатты қоғам болашағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағала сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді. Ілімді талап ету әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз» деп ілім алуға қызықтырды. Және бір хадисте «Кім де кім, білім жолына түссе, Алла оған жаннатқа бару жолын жеңілдетеді» деп айтқан.

Діни ілім – қазіргі қоғамдағы басты қару. Өйткені, діни сауатты адам жат ағымдардың етегіне жармаспайды. Ал, қоғам ілімді болса, болашағы жарқын болмақ. Осыған орай, төл ханафи мазһабымыздың жанашырлары болған жамағат үшін қоғамдағы сауатсыздықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған «Һибатулла Тарази» мешітінде жүргізіліп жатқан 1 айлық оқу курсының екінші маусымы өз мәресіне жетті. Алланың діні үшін мазһабымыз бойынша ілім алу курсына барлығы 40-тан аса адам қатысты. Оның ішінде қариялар, орта жастағы ағалар және студент жастар бар. Ілім курсында Нұралы Бақытұлы, Исатай Оразов, Асхат Акмамбетов, Ғалымбек Жапек, Амангелды Ембергенов, Ержан Зайтинов, сынды ұстаздар мен имамдар ақида, мазхабтар тарихы, Құран Кәрім, фиқһ, хадис ілімі, тәпсір, ханафи мазхабының дәлелдері пәндері бойынша дәріс берді.

Бүгін курсты аяқтаған жамағатқа сертификаттар табысталды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев ілімнің амат екенін жеткізіп, ілімдерін дұрыс пайдалану үшін дұға тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: