Өткенге құрмет – баршамызға міндет

Өткенге құрмет – баршамызға міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қабір тазалау – сауапты іс екені баршамызға аян. Қасиетті Ережеп айында сауапты амалдарды көбейтуге ниет еткен аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен «жастар ресурстық орталығының» қолдауымен жалынды жастармен бірге аудан орталығындағы қабірстанға тазалық жұмыстары жүргізілді.

Игі шара басталмас бұрын аудан имамы Ж.Шалбаев Құран оқып, қабір иелеріне Алланың рахымын тілеу дұғасымен басталды. Жалынды жастарға сауапты істі атқаруға  жамағатымыздың ақсақалдары жол көрсетті. Қабірстан қысқы қоқыстан тазаланып, жабайы өсімдіктері шабылып, біршама жұмыстар атқарылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: