Имам полиция қызметкерлерімен кездесті

Имам полиция қызметкерлерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Дәуренбек Жандосұлы кезекті кездесуді қоғамдық тәртіп сақшыларымен, яғни полиция қызметкерлерімен өткізді. Аудандық ІІБ-ның көшу-қон полициясы жеке құрамы қатысқан дәрісте Д.Жандосұлы дініміздің негізгі құндылықтарын кеңінен түсіндірді. Полиция қызметкерлерімен кездесуде найб имам Ислам діні мен кейінгі кезде орын алған экстремистік жағдайлардың ара-жігін ажыратып, дәстүрлі дініміз одан пәк екенін жіті түсіндірді.

Дәстүрлі ислам мен теріс ағым жайында кеңінен түсіндіре келе, айырмашылықтарына тоқталды. Диструктивті жат  ағымның шығу мен қоғамға тигізер зияны жайында кеңінен түсіндіріп өтті. Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы құжаты полиция қызметкерлеріне таныстырылды. Кездесу соңында тәртіп сақшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: