Байзақ ауданы Дихан ауылында мешіт ашылды. Осы мешіттің арнайы ашылуына Жамбыл облысының өкіл имамы Данияр Жұмабаев Әлимұхамедұлы қатысып, ізгі ниетін білдіріп, мешіттке Құран кәрім сыйлады.
Жиынға Байзақ ауданының бас имамы Рамиз Азизов бастаған ауыл молдалары қатысты. Іс-шарада Байзақ ауданының әкімінің орынбасары Сағындық Кенжебаев және ішкі саясат бөлімінің басшысы Мырзахан Махамбетұлы, ауданның ардагерлер төрағасы Кемал Беспаев және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары да болды. Сонымен қатар «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы Бақытбек Сағымбаев мешітке жиналған көпшілікке Құран оқыды. Мешіттің ашылу салтанатынан кейін жиналған көпшілік өкіл имаммен намаз оқып, жайылған дастарханға отырды. Астан кейін мешітті тұрғызуға себепші болған сыйлы қонақтарға мешіт атынан шапан жабылды.
Байзақ ауданы