ҚР ДСӘД министрлігі салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік көмегімен Қазақстан Республикасы аумағында, оның ішінде Жамбыл облысында Ұлттық иммундау апталығы өткізілуде. Осыған орай, «Һибатулла Тарази» медресесінде кездесу өтті. Аталмыш жиында Тараз қаласы тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының жетекші маманы Нұржамал Құрманалиева баяндама оқып, иммундау апталығының мақсатын түсіндіріп өтті. Бұл бүкіл ғаламда адамдарды жұқпалы аурулардан қорғаудың бірден бір сенімді жолы иммундау екеніне назар аударту мақсатында өткен іс-шараға «Һибатулла Тарази» мешітінің қызметкерлері мен шәкірттері қатысты.
Бүгінде бүкіл әлемде вакцинация жұқпалармен күресудің бірден бір сенімді, тиімді, экономикалық ұтымды және қол жетімді жолы болып табылады. «ҚР Ұлттық егу күнтізбесі ДДҰ-ның берген ұсыныстары талаптарына сәйкес және 21 жұқпалы ауруларға қарсы алдын алуға бағытталған. Халықты иммундау тегін түрде жүргізіледі, барлық вакциналар ДДҰ сертификацияланған, яғни вакциналар сапасы тексерілген» – дейді Нұржамал Құрманалиева.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы тарапынан 8 100 709 млн. Тұлғаға арналып алдын ала екпелер сатып алу үшін 15,8 млдр. Теңге қаражат бөлінген болатын.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.