Елді-мекендерді аралап, ауыл тұрғындарының діни сауатын арттыру, ауылдардағы діни ахуалды жіті бақылау дін қызметкерлерінің негізгі міндеті. Қалыптасқан дағды бойынша аудандық «Қордай» мешіті наиб имамы Дәуренбек Жандосұлының ат басын тіреген, Алға ауылы болды. Ұйымшылдығы айрандай ұйыған ауылда көптеген істер атқарылуда.
Ауылдың өркендеуіне сүбелі үлес қосып отырған жергілікті әкімшілік қызметкерлерінің діни сауатын арттыру да даму жолына қосар бір үлес екені мәлім. Дәуренбек Жандосұлы мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізіп, дініміздің негізгі құндылықтарын паш етіп, дәстүріміз бен ұштасқан дінімізді дәріптеді. Қазіргі кейбір мәселелерге тоқталып, ұлт аралық татулық сынды нәзік мәселе төңірегінде де әңгіме өрбіді. Найб имам діни экстремизмнің зиянды тұстары туралы, «ислам», «исламизм» сөзінің түп мағынасын дұрыс ажырату мәселесі туралы түсініктер берілді.
Сұрақ-жауап форматында өткен кездесу, жоғары дәрежеде ашық пікірлерін білдіруімен жалғасты. Кездесу барысында «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» таныстырылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі