Мәдинада 15 жасар Дулатқа ижаза беретін болды.

Мәдинада 15 жасар Дулатқа ижаза беретін болды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алдыңғы Құран Кәрімнен өткен республикалық ұлдар сайысында бас жүлдені қанжығасына байлаған Жамбыл облысының тумасы Дулат Қалақұл ендігі Индонезияда өткен әлемдік Құран сайысына қатысып қайтты. Осы жөнінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев жас қаримен сұқпаттасты. Жарыстың хал-ахуалын сұрады.

 «Сұлтан бин Абдул Азиз» атты Құран сайысына 104 үміткен қатысқан болатын. Бір-бірінен оза қырағаттап Алланың кәләмін оқыған қарилар сайысына Абдул Мухсин әл-Қосин мен Абдулла Жарулла төрелік етті.

Аталмыш сайыстың 1-орны Индрнезияға, 2-орны Австралияға, 3-орны Малайзияға бұйырса, елімізден барған Дулат Болатбекұлы 4-орынға қол жеткізді.  Әлемдік деңгейде өткен қарилар сайысында бақ сынаған 15 жасар Дулатты «Нәбәуи» мешітінің имамы ижаза беру үшін Мәдина қаласына шақыртты.

Имам жас қариге сәттілік айтып, алда әлі де биік белестерден көрінуін тіледі. Әлемдік сайыста шеберлігімен көзге түскен Жамбылдық Дулат облыстың бетке ұстары десек артық айтқандық емес.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: