Ауыл тұрғындарымен келілі кездесу

Ауыл тұрғындарымен келілі кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Бірлік ауылында аудандық мешіттің бас имамы Зият Исаевтың ұйымдастыруымен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобымен» кездесу өтті. Кездесуге «Бірлік» мешіті жамағаты, «Нұр Отан» партиясы Бірлік БПҰ төрағасы Е.Ә. Жұмабаев, мектеп директоры Л.Ш. Қалтаева, мектеп психологы Ұ. Әбдімұратова, «Ақбөпе» балабақшасы меңгерушісі Э. Кәрібаева мен ұжымы және ауыл қариялары мен тұрғындары қатысты.

     Жиында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының» мүшесі Қарақұлов Еркебұлан Ыбрайымұлы сөз сөйледі. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елімізде халықтар достығы мен ынтымақтастығын, конфессиялар арасында өзара түсіністік пен өзара құрметті нығайтуға көп көңіл бөледі. Ұлтаралық қатынастар Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі екені белгілі.       Мұндай қатынастар бауырластық, достық, ынтымақтастық, интернационалдық секілді гуманистік құндылықтарға сүйеніп дамуы тиіс. ҚР  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл мәселеге үлкен назар аударуда. Жаһан жұрты еліміздің дінаралық келісімнің үлгісін көрсетіп отырғанын әлдеқашан мойындаған. Біздің ауыл аралап, жиын өткізудегі басты мақсатымыз, адасып, шет ел асып жатқандар жайлы дұрыс мағлұмат беріп, жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. «Ислам» сөзі «Аллаға толық мойынұсыну», «бейбітадам» деген мағынаны береді, қолға қару алып, адамды зорлықпен еркінен тыс мәжбүрлеу емес. Өйткені, Алла тағала өз пендесіне таңдау еркіндігін берген...», - деп сөзін түйіндеді.

 Топ мүшелері: Жамбыл облысы дін істері басқармасының бас маманы Есмаханов Еркебұлан Нұрғалиұлы, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб-имамы Аманбаев Ержан Маханұлыжиынға қатысушардың сұрақтарына жауап берді.

     «Нұр Отан» партиясы Бірлік БПҰ төрағасы Е.Ә. Жұмабаев ақпараттық-түсіндіру тобына алғысын білдірді.

Бірлік мешіті

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: