Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тараз қалалық белгілі тұрағы жоқ тұлғалардың әлеуметтік бейімдеу орталығында коммуналдық мемлекеттік мекемесінде үй-жайынан, туған-туыстарынан айырылған, қала көшелерінде қаңғыбастық күй кешкен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Осы орайда, мекеменің арнайы шақыртуымен «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек аталмыш орталық тұрғындарын салауатты өмір салтына бейімдеу мақсатында тұрғындармен кездесіп, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Жиналған көпшілікке иман, тура жол, адал еңбек, салауатты өмір салты турасында сүбелі уағыз жүргізді.
Тұрғындар көкейіндегі сауалдарын қойып, мардымды жауапттар алды. Мұндай іс-шара әлі де жалғасын таппақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.