Шу аудандық Төле би мешітінің «Мектепке уағыз-насихат» жоспарына сай, аудан имамдары мен ауыл молдалары мектептерде уағыз-насихатын жалғастыруда.
Атап айтқанда, Белбасар ауылында ауыл молдасы Д.Искаков Ш. Уалиханов орта мектебте оқушыларға «Туыстық қарым-қатынас әдебі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Сонымен қатар Тасөткел ауылында ауыл молдасы А.Балқыбаев Т. Рысқұлов орта мектебінде «Білім іздену әдебі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында имам-молдалар оқушыларға кеңінен кеңестер айтып, негізгі көздеген мақсаттарын баяндап берді.
Әдеттегідей жиын соңында уағыз-насихат тақырыбына сай оқушылар сұрақтарын қойып тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық Төлеби мешітінің баспасөз қызметі