Көркем мінез – мұсылманның көркі

Көркем мінез – мұсылманның көркі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кезекті кездесу аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Дәуренбек Жандосұлының қатысуымен «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінде  өтті. Аталмыш тақырыптағы кездесуде наиб имам мұсылман баласына тән бойында табылуы міндетті сипаттар жайын баяндады. «Ислам діні бейбітшілікті ту етіп түсті. Ал, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) жер бетіне көркем мінездерді толықтыру үшін жіберілгендігі туралы қасиетті Құран аяттарында айтылады. Ежелден осы асыл дінді өмірлік ұстанымына айналдырған халқымыз пайғамбарымыздың ғибратты ғұмырынан үлгі алып келеді. Әрбір мұсылман баласы өзге адамдарға қолымен де, тілімен де зиян тигізбеуі тиіс. Тіптен, жәндікті де жәбірлемейтіндей, жібектей жұмсақ болу – мұсылманның көркем сипаттарынан» – деген Д.Жандосұлы  одан әрі оқушылардың білім мен ғылымға құштар болуға шақырды.

Білім алу, ғылым игеру – мұсылман баласына жат емес, керісінше тән дүниелер екендігін айта келе найб имам өз дәуірінде қазіргі барша ғылым саласының іргетасын қалап кеткен осы мұсылман өркениетінің өкілдері, ислам әлемінің ғалымдары деп, жас буынның санасына бабалардан жеткен мұралар жайлы мазмұнды мағыналы ой тастады. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: