Алла Тағала әуелгі аятын уахи еткенде «Әләқ» сүресінің бес аятын түсірді. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Жәбрәйіл (ғ.с): «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Адамды ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің ең ардақты! Ол қаламмен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін үйретті.» («Әләқ» сүресі, 1-5 аяттар). Білім алу, сауатты болу – Ислам дінінің ең басты талабы. Осы дін жолында білім алуға Жамбыл облысынан жолданған «Нұр-Мүбәрак» университетінің бітіруші түлектерімен және «Әбу Ханифа» медресесінің шәкірттерімен кездесу өтті.
Білімді жас мамандарды қызмет етуге жігерлендіру және оларды қызметпен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев арнайы барды.
Аталмыш іс-шараға ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы, Павлодар қаласы, Қарағанды қаласы, Атырау қаласы, Маңғыстау қаласы, Олар қаласы, Қызылдарда қаласы бойынша өкілдері қатысты.Имамдар студенттердің хал-ахуалымен танысып, болашақ маман иелерімен сұқпаттасып қайтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.