Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ей, Елшілер! Таза (адал) нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер...», сонымен бірге «Ей, иман еткендер! Біз сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер...» –деген. Адамның адал ас ішуі – рухани дүниеге де, денсаулыққа да тікелей әсер ететіні ақиқат. Халал тағам – денсаулықтың кепілі. Ас – адамның арқауы. Қандай ұлттың болмасын тағамында міндетті түрде болатын өнім бар, ол – ет. Бүгінгі таңда азықтың түр-түрі шығып жатқан кезеңде халал ет өте сұранысқа ие.
Жамбыл облысында жаңадан «ТОО Оңтүстік халал тағамдары» цехі
іске қосылмақ. Осыған орай, ҚМДБ-ның «Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі» Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев және ҚМДБ-ның Жамбыл облысық «Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің өкілі» Аят Дыбысұлы аталмыш цехта болып танысып қайтты.
Сондай-ақ, осы ет шығарушы цехке «Халал» стандарты бар сертификат табысталды. Бірер уақытта жұмысын бастағалы отырған цехке алдағы уақытта асы адал, жұмыстары берекелі бола берсін демекпіз!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.