«Айтқұл баба» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев теміржол қызметкерлерімен тілдесіп қайтты.
Кездесуде қызметкерлер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Имам көпшілікке ата дініміз ислам жайлы тілге тиек етіп, жат ағыммен дәстүрлі дінің ара-жігін ашып айтты. Мұсылманға тән қасиеттер мен адал іс турасында сөз қозғап, бала тәрбиесі тақырыбына тоқталып өтті.
Жиында біраз мағұлмат алған азаматтар ризалықтарын білдірді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.