Ақ дастархан – берекелі шаңырақ

Ақ дастархан – берекелі шаңырақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні жұма намазынан кейін Тараз қаласында орналасқан «Арафат» дәмханасында жағдайы төмен, жалғыз басты аналар, кемтар кісілерге демеушілер есебінен жалпы саны 50 (елу адамға) арнайы тамақ берілді.

Аталарымыз айтқандай, «кедейдің бір тойғаны – шала байығаны» демекші, ол кісілерге бір түстік тамақ болса да берілуде. Қазақ аталарымыз айтады, ас адамның арқауы, ас тұрған жере дерт тұрмайды дейді. Осындай кісілердің бір көңілдерін қуанту мақсатында тамақ берілді. Ол кісілердің қуаныштарында шек жоқ. Өз ризашылықтарын, рахметін айтуда.  Тараз қаласындағы  «Шейх Зуннун»мешітінің найб имамы Акбар Оразбаев арнайы келіп, ол кісілерге уағыз-насихат айтты.

Сонымен қатар сабырлық, қанағатшылдық, шүкіршілік туралы жақсы насихат айтылды. Келген кісілер ризашылықтарын жаудырып, рахметін айтып тарқасты. Осындай іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.  

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: