«Тектұрмас» мешітіне жаңа имам тағайындалды.

«Тектұрмас» мешітіне жаңа имам тағайындалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында орналасқан «Тектұрмас» мешітіне Бақтияр Амантайұлы Амреев имам болып тағайындалды.

Жаңа имам бұған дейін Тараз қаласындағы «Бегалы ата» мешітінде ұстаздық қызмет атқарған. Жаңа имамды Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Аят Алмахановтың тапсырмасымен «Әулие ата» мешітінің найб имамы Ораз қажы Баймаханов жамағатқа барып, арнайы таныстырды.

Ал, Тектұрмас мешітінде имамдық қызмет атқарған Мұхтар Бимырзаев Тараз қаласындағы «Бегалы ата» мешітіне найб имам болып тағайындалды. «Жаңадан тағайындалған қос имамға жұмыстарына сәттілік, діни қызметте аянбай қызмет атқаруларына тілектеспіз,»  – дейді  жиналған жамағат.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: