«Әулие ата» мешінде қала имамдарының бас қосуы өтті.

«Әулие ата» мешінде қала имамдарының бас қосуы өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінде қала имамдары бас қосты. Әулие ата мешітінің бас имамы Аят Алмаханов қала имамдарына бір қатар тапсырмалар берді. Сонын ішінде діни басқармадан келген тапсырмалардың дер кезінде орындалуын нақтылап айтты.

Күн жылынып, көктем айының келуіне байланысты, мешіттің айналасын тазалап, арнайы тал көшеттерін егіуді де атап айтты. Имамдардың діни қызметке белсене қатысып, халықпен тығыз байланыста болуын, 4 құжатты әлі де халыққа жеткізе беруді және төрт бағыт бойынша тапсырмаларды белсене атқару туралы бір қатар тапсырмалар жүктеді.

 Қала  имамдары да өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Көкейлерінде жүрген сұрақтарына керекті жауаптарын алды. Бас қосудың аяғында ақсақал имамдарымыздың батасымен жиналыс аяқталды. 

«Әулие ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: