Мешіт салу – сауапты іс

Мешіт салу – сауапты іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Имам Мүслимнен келген хадисте кездеседі, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері. Ал, қаланың өте жаман орындары – базарлары,» – дейді. Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, жанына жара салған хакім Абай айтқандай «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі.

Бұл күндері ауыл-аймақтарда құлшылық үйі, мешіттердің бой көтеріп келе жатқаны көңіл қуантады. Жуырда Т.Рысқұлов ауданына қарасты Ақыртөбе ауылындағы жаңа салынып жатқан мешіттің хал-ахуалымен танысу мақсатында найб имам Шералиев Фархат мешіт құрлысын аралап келді. Мешіт салу – сауапты іс, Пайғамбарымыз Мухаммедтің (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кім Алла ризалығын табу үшін мешіт салса, Алла Тағала ол адамға жаннаттан үй тұрғызады» деп  мешіт салудың сауапты әрі игілікті амал екендігін айтып өтті.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

Т.Рысқұлов ауданы 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: