Ата-аналар қоғам үшін алаңдаулы

Ата-аналар қоғам үшін алаңдаулы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы Көктөбе ауылы Жамбыл орта мектебінде аудан имамы Қ. Мусаев, ауыл әкімі Н. Султанбаев және мектеп директоры А. Молдашеваның қатысуымен мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесу өтті.

         Отырыстың негізгі тақырыбы – бүгінгі таңдағы «Суицид». Өз сөз кезегінде аудан имамы Қ. Мусаев  суицидке байланысты уағыз-насихат айтып, ата-аналарға және оқушыларға ислам дінінде өз-өзіне қол жұмсау – айырықша ауыр қүнә екенін түсіндірді.

Имам қасиетті Құранда қандай да бір адам өз өміріне наразы болғаны Алла тағала қарсы шығу екендігін тілге тиек етті.

Сонымен қатар жиын барысында қатысушылар еліміздегі болып жатқан діни ахуалға тоқталып, дін атын жамылған ағымдардың ел бірлігіне төндіріп отырған қауіпті әрекеттерін айтып, қазіргі ашық ақпараттық қоғамда жастарымыздың жат пейілді діни ағымдардың жетегінде кетіп қалмау үшін өз дініне беріктік, діни сауаттылық қажет екенін талқылады.

Жиын соңында жиналған ата-аналар тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: