Қайырымдылық - мейірім шуағы

Қайырымдылық - мейірім шуағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қайырым – жүректерді жібітер игі амал. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бір-бірлеріңізге сыйлық беріңіздер, жақсы көресіздер» дейді. Мұсылман бауырыңа жәрдемдесу – садақа. Садақа – сауапты іс. Ал, сауапты іс – Алла Тағаланың алдындағы игі амалдардың  бірі.

 «Кеңесхан қажы» мешіті Алла үйіне келуші жамағатқа су ішуге арналған диспенсер орнатты. Сондай-ақ, аталмыш мешіт мүмкіндігі шектеулі жанға мүгедектер арбашасын сыйға тартты. «Кім бұл дүниеде мұсылманның қайғысын сейілтсе, Алла Тағала Қияметте оның қайғысын сейілтеді. Кім қиындыққа тап болғанның жағдайын жеңілдетсе, Алла оның ісін осы дүниеде және арғы дүниеде жеңілдетеді. Кім мұсылманның кемшілігін жасырса, Алла оның кемшіліктерін екі дүниеде де жасырады. Адам мұсылман бауырына көмектесіп бітпейінше, Алла Тағала оған көмектесетін болады» дейді пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өсиетінде.

Сонымен қатар «Кеңесхан қажы» мешіті «Һибатулла Тарази» мешітінде өткен «Ең көркем есімдер Аллаға тән» сайысында 2 орынды қанжығасына байлап, ақылай сыйлықты жеңіп алған «Кеңесхан қажы» мешітінің қызметкері Алмагүл Дәуренбековаға құттықтау айтады.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: